«ҰБТ-ға сеніммен барайық» » Жетісу облысы Сарқан ауданы М.Жұмабаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"М.Жұмабаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
февраль
2023

«ҰБТ-ға сеніммен барайық»

«Сарқан ауданының білім бөлімінің Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі педагог-психологтың  ҰБТ - бойынша жүргізілген

жұмысы


Тақырыбы: «ҰБТ-ға сеніммен барайық»

         Мақсаты: оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету, бойларына сенімділік орнату.

         Міндеті:

          - оқушылардың өзіндік сенімділіктің болуын бойларына баулу;

          - оқушыларға ҰБТ - ны сенімді тапсыруға дайындау.

         Тренингтің барысы: Психолог: Құрметті мектеп түлектері, сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болашақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше ғана бүлдірішін бала, қызыл шақа балапан болсаңдар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сайгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның бағы жанады. Халқымыз айтпақшы «Талаптыға нұр жауар!» деген емес пе? Бақтарың жансын.

         1.«Уәде беремін»                                                                                    Тренингтің ережесі: оқушылар шеңбер құрып тұрады. Бірінші тұрған оқушыға айна беріледі. Сол айнаға қарап оқушы өз-өзіне уәде беруі тиіс. Мысалы: «Мен алдағы ҰБТ-дан 100 балл алуға уәде беремін», т.б.       Тренингтің мақсаты: оқушылардың өзін-өзі жігерлендеруі, алдына анық мақсат қоюға үйрету.                                                                                     2. «Стрессті қалай жеңуге болады?» жаттығуы

         Жұмыс барысы: Оқушыларға шар үлестіріледі, психолог, оқушылардың бір шетінен «Сендердің қандай жағдайда ашуларың келеді?» деген сұрақ қояды. Оқушылар сол сәттерімен бөлісіп шарды үрлейді, әр бір оқушының айтқан сөзінен кейін шар үрлене береді, шар үлкейе береді. Сосын оқушылар сол үлкен болып шыққан шарды жарады. Сосын оқушыларға екінші шар үлестіріліп, психологтың алдынғы сөзді қайталануы бойынша үрленіп, үлкейеді, «Ата - анам мені үнемі жақсы болсын дейді сол үшін, түзейді, мұғалімім мені болашақта жақсы азамат болсын дейді», деген сөздерден кейін оқушылар шардың желін ақырындап шығара бастайды. Шардың ішінде желі қалмайды. Релексация: «Бұл ойыннан қандай ой түйдіңдер?» оқушылар өз ойын айтады.                                                                                          Психолог: Мінеки оқушылар стресс осылай жиналады, ол жинала берсе сенің денсаулығыңа, алда болатын ҰБТ - ға дайындығыңа, психологиялық дұрыс қалыптасуыңа өте зиянды, сол үшін бойларыңдағы жағымсыздық қасиет тудыратын сөздерді дұрыс қабылдап, стреске ұшырамауларыңа тілектеспін.                                                                                            3.«Суретті сал және екінші адамға бер» жаттығуы                            Мақсаты: психологиялық және дене қатаюының күштенуінен арылту, шапшаң қимылдауға, ойлауға дағдыландыру.                                       Нұсқау: Бір ақ парақ алып, ең жағымды қарандашты тандаңыз. Мен шапалақ ұрғанда, сіздер нені қаласаңыздар соны саласыздар. Шапалақ ұрғанда көршіңізге сурет пен қарандашты бересіз. Сосын тағы шапалақ ұрып келесі адамға жалғаса береді, сөйтіп қағаз иелеріне келгенше жаттығу жалғасады. Мүмкін сіздердің біреулеріңіз өз суретін өзгерткісі келедіме, немесе жаңа сурет салғысы келеме.                                                                             Талдау:

- Сурет ұнадыма?

- Өз сезіміңізбен көңіл күйіңізбен бөлісіңіз?

- Өзге адамның суретін жалғастыру қиын болдыма?

         4. «Жігерлену хаты» әдісі                                                  Оқушылардың ата-анасынан алдын-ала хаттар жазылып алынады, сол хатты оқып, ата-анасының тілегін орындауға ұмтылуға күш беру.              5. «Тілек-сандықшасы» әдісі                                                               Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен бақыт табу үшін ғаламда, Үлкен болып қалу үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға -деп М.Шаханов жырлағандай Әр шәкірттің жүрегінде «Үлкен арман-тілегі бар». Сол тілектеріңізді алдарыңыздағы парақшаларға жазып ,құпия түрде «Тілек –сандықшасына» саламыз. Осы сандықшаны оқушылардың қалауы бойынша , ата-аналарыңа осы тілектеріңді жеткіземін.                                   6.«Жаңғырық туралы аңыз» әпсана әңгіме                                                Әкесі баласымен бірге тауға барады. Содан келе жатып аяғын тасқа ұрып алған ұлы: — АААААААА! – деп айқай салады. — АААААААА! – деген жауапты естіп таң қалады. — Сен кімсің?- деп сұрайды ұлы. Ал оған: — Сен кімсің? – деген жауап келеді. Мұндай жауапқа ашуы келген бала: — Қорқақ! – дейді. Ол оған: — Қорқақ!- деп жауап береді. Бала әкесінен: — Не болып жатыр? – деп сұрайды. Әкесі жымиып күледі де, былай жауап береді: «Мені мұқият тыңда» Әкесі тауға: — Мен сені сыйлаймын! – деп айқайлады. Ол оған: — Мен сені сыйлаймын! — Сен кереметсің! Ол оған: — Сен кереметсің! Бала сонда да таңдануын қоя алмады, содан оған әкесі түсіндіріп берді. «Бұл құбылысты жаңғырық деп атайды. Шындығында бұл өмір деп аталады. Ол сен не айтсаң да, не істесең де, соның бәрін өзіңе қайтарады».                                     Психолог: Құрметті мектеп түлектері алдарыңда үлкен сын, намысты дода сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты боламыз. бір - бірінің қолдарыңды ұстап жоғары көтеріңдер, біркелкі хор дауыспен «Біз ҰБТ - ға сеніммен барамыз!» деп айқайлаңдар                                                                                                               « ҰБТ- да жетістікке жетейік!»

(« Біз дәуірдің түлегіміз» әнінің әуенімен )

1. Арман, мақсат бір болған соң тілегіміз,

Ұбт-деп бірге соққан жүрегіміз.

Білім болған бастау алар тірегіміз.

Әннен шашу шашайық.

Қайырмасы;

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз,

Бәріміз де дайым,

Көрмей қайғы- уайым,

Ұбт-дан жетістікке жетейік.

2. Жанымызға сенімділік серік болсын,

Бірлігіміз әрқашанда берік болсын,

Басымызға бақыт құсы келіп қонсын,

Асулардан асайық.

Қайырмасы;

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз,

Бәріміз де дайым,

Көрмей қайғы- уайым,

Ұбт-дан жетістікке жетейі

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив