АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГ КЕҢЕСІ » Жетісу облысы Сарқан ауданы М.Жұмабаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"М.Жұмабаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
февраль
2023

АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГ КЕҢЕСІ

«Сарқан ауданының білім бөлімінің Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі педагог-психологтың  ата-аналармен жүргізілген

жұмысы


АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГ КЕҢЕСІ

Бала тәрбиелеудің он ережесі.

         1.Балаңды сүй! Яғни оның қасында барына қуан, ол өзі қандай болса, солай қабылда, оны қорлама, оны жәбірлеме, оны өзіне деген сенімділігінен айырма, оны нақақтан жазалама, оны өзіңнің сеніміңнен мақұрым етпе, сені жақсы көруіне жағдай тудыр.                                                                          2.Балаңды қорға! Яғни оны жаны мен тәніне қауіпті нәрселерден сақта, тіпті-егер қажет болса-жеке мүдделерінді құрбан етіп, барынша балаңды жаманшылықтан сақта.                                                                                  3.Балаңа жақсы үлгі бол! Оның бойына дәстүрлі құндылықтарға деген құрмет сезімін дарыт, өзің де сол құндылықтарға сәйкес өмір сүр, балаға жауапкершілік сезіммен қара. Балаға үй іші тату, қарттарын құрметтеп, жақсы көретін, барлық туған-туысқандармен және досжарандармен етене жақын әрі шынайы байланыста болатын отбасы, ошақ қасы керек. Бала адалдық, кішіпейілділік, жарастық ұялаған отбасында өмір сүруге тиіс. Ата-ананың ерлі-зайыптылық нормаларын бұзуы, көре алмаушылық, арсыздық жолмен баю, балаға принципсіз байланыстар арқылы қандай да болсын пайда келтіру және т.б.-осының бәрі елдің ертеңгі азаматының моральдық бейнесіне мейлінше ұнамсыз әсер ететін «үлгі» құрайды.                                                                                                  4.Балаңмен ойна! Яғни балаңа қажет уақыт ажырат, оған қалай сөйлеп, қалай ойнау ұнаса, солай сөйлеп, солай ойна, оның ойындарына шындап ден қой, оның ұғым-түсініктер әлеміне бейімдел.                            5.Балаңмен бірге еңбектен! Балаң жұмысқа қатысқысы келгенде, оны демеп жібер (үйде, бақта, бақшада). Балаң өсіңкірегенде шаруашылыққа қажетті барлық жұмыстарға қатыстырып үйрет. Қолы бос кездері мен демалыс уақытында ол мектеп ұйымдастырған іс-қызмет түрлеріне қатысуды бойына дарыт.                                                                                        6.Баланың оңай болмасада, өзбетімен өмірлік тәжірибе алуына жол қой! Бала өз басынан өткерген тәжірибені ғана мойындайды. Сенің жеке тәжірибелігің балаң үшін көп жағдайда құнсыз болып шығады. Оған өзінің жеке тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік бер, тіпті бұл белгілі бір тәуекелмен байланысты болған күнде де солай істе. Шамадан тыс қорғаштаған, қауіптің қай-қайсысынан да «қамсыздандырылған» бала көп жағдайда әлеуметтік мүгедекке айналады.                                                                                               7.Балаға адамдық бостандықтың мүмкіндіктері мен шектерін көрсет! Ата-анасы баланың алдымен әрқайсысының дарындары мен ерекшеліктеріне сәйкес адамның жеке басының дамуы мен тұлғалануының тамаша мүмкіндіктерін ашуға тиіс. Сонымен бірге оған кез-келген адам отбасында ...,ұжымда...және жалпы қоғамда өзінің іс-әрекеттерінің белгілі бір шектерін мойындауы және сақтауы  тиіс екенін көрсету қажет (заңды ұстану және өмір салты ережелерін сақтау).                                                                           8.Баланы тіл алғыш етіп үйрет! Ата-анасы баланың мінез-құлқын қадағалап отыруға және   оны іс-қылықтарын оның өзінеде, басқаларғада нұқсан келтірмейтіндей етіп бағыттап отыруға міндетті. Баланы белгіленген ережелерді сақтағаны үшін қолпаштап отырған жөн! Алайда қажет болған жағдайда түзету арқылы ережелерді құрметтетіп отыру керек.                    9.Баладан пісіп–жетілу сатысына және өзіндік тәжірибесіне сәйкес шама-шарқы жететін пікірлер мен бағаларды ғана күт! Бала осынау соншама күрделі дүниеде  бағдар жасап үйренгенше, оған ұзақ уақыт қажет. Оған қолыңнан келгенше көмектес, және де жинақтаған тәжірибесі мен өзінің пісіп-жетілу сатысына сәйкес өзіндік пікірін немесе қорытындысын айта алатын кезде ғана баладан оларды талап ет.                                    10.Балаға еске түсіруге болатын құндылыққа әсерлерді басынан кешіруге мүмкіндік бер! Бала да, үлкендер сияқты, әсерлермен «қоректенеді», олар балаға басқа адамдардың өмір-тіршілігімен және айналадағы дүниемен танысуға мүмкіндік береді.



  Педагог-психолог            Д.Ибраева

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив