І жартыжылдық бойынша жүргізілген 2022-2023 оқу жылы жұмысының есебі » Жетісу облысы Сарқан ауданы М.Жұмабаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"М.Жұмабаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » І жартыжылдық бойынша жүргізілген 2022-2023 оқу жылы жұмысының есебі
11
февраль
2023

І жартыжылдық бойынша жүргізілген 2022-2023 оқу жылы жұмысының есебі

«Сарқан ауданының білім бөлімінің Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі педагог-психологтың І жартыжылдық бойынша жүргізілген 2022-2023 оқу жылы

  жұмысының есебі


          Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің мақсаты мен міндеттері:

Психологиялық қызметтің мақсаты білім алушыларды табысты оқыту, дамыту, әлеуметтендіру және кәсіби білім беру траекториясын саналы таңдауды қалыптастыру үшін психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға бағытталған психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүйелі ұйымдастыру.

Психологиялық қызметтің міндеттері: 

1) Оқыту процесінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму жағдайын психологиялық-педагогикалық талдау, негізгі проблемалар мен олардың туындау себептерін анықтау, оларды шешу құралдарын айқындау, сондай-ақ ұжымның педагогикалық қызметі үшін қауіпсіз орта құру;

2) оқу процесінде баланың психологиялық-педагогикалық мәртебесін және оның психологиялық даму динамикасын мониторингтеу; білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу қызметін дараландыруға жәрдемдесу;

3) білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту нәтижелеріне қойылатын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын орындауға жәрдемдесу болып табылады;

4) әлеуметтік қауіпсіздік, психологиялық денсаулық проблемаларын еңсеруге және деструктивті мінез-құлық нысандарының алдын алуға, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді бейімдеу, оқыту және тәрбиелеу қиындықтарына бағытталған жеке дамыту және түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;

5) жаңа әлеуметтік тәжірибені саналы және белсенді түрде беру арқылы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бойында өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге әмбебап оқу дағдыларын қалыптастыру мен қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады;

6) білім беру процесіне қатысушыларға, олардың жеке құқықтарына қысым жасамай, өзара көмек, эмпатия, жауапкершілік, өзіне сенімділік, шешім қабылдау қабілеті, белсенді әлеуметтік өзара іс-қимыл қағидаттарын тәрбиелеу мен қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады;

7) Білім беру ұйымының психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік қолдау саласындағы ғылыми және практикаға бағдарланған жетістіктерін тарату және практикаға енгізу болып табылады;

8) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, оларды әлеуметтендірудің тиімді жағдайларын жасау үшін білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсететін педагогтер мен мамандардың пәнаралық, командалық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

9) білім беру ұйымының алқалы органдарымен және білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, Ішкі істер мүдделі органдарымен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

Жоғарыда аталған мақсат пен міндеттерге сүйене отырып, психологиялық қызметтің төменде көрсетілген бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілді:

І. Диагностикалық  

ІІ. Дамытушылық (түзету) 

ІІІ. Психологиялық-педагогикалық ағарту

ІҮ Консультациялық 

Ү. Ұйымдастыру-әдістемелік

          Жаңа 2022-2023 оқу жылына арналған психологиялық қызметтің жылдық жұмыс жоспары жасалып  мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы   Г. Есимжановамен 01.09.2022 жылы бекітілді.

           І тоқсан бойынша психологиялық қызметтің  жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді.  

          Қыркүйек айында  1 - 11 сынып оқушылары  туралы мәлімет жинақтау мақсатында сынып жетекшілер мен ата-аналардың қатысуымен жұмыстар жүргізілді. Қазақстан Республикасының оқу ағарту министрлігінің 25 тамыз 2022 жылғы бұйрығына сәйкес орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын негізге ала отырып   ата- аналар жиналысы өткізіліп,  келісім шарт  алу жұмыстары жүргізілді.  Сонымен қатар   «Мектептің психологиялық қызметі» тақырыбында  түсіндіру жұмыстары  жүргізілді.

          7 - 11 сынып оқушылары аралығында «Интернетке тәуелділік және оның алдын алу   шаралары» тақырыбында іс-шара жүргізілді. Жүргізілген жұмыстың мақсаты - интернет кеңістігінде жеткіншектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету,   құмар ойындар, интернет кеңістігіндегі қауіпсіз қозғалыс кибербуллинг және интернетке тәуелділіктің алдын алу. Сонымен қатар оқушылардан арнайы  дайындалған интернетке тәуелділікті анықтауға бағытталған сауалнама алынды. Сауалнама қортындысы бойынша мектеп оқушылары арасында интернетке тәуелді оқушылар анықталған жоқ. Жалпы оқушылар интернеттегі қауіпсіздік  ережелері туралы хабардар.        

         1 - сынып   оқушыларының тізімдерін жинақтау, топ балаларымен танысу, мектеп ережесіне қалыптасуын, ортамен қарым – қатынасын бақылау мақсатында сабақтарына қатысып сырттай бақылау жұмысы жүргізілді. 

МАД тобының және  1-ші сынып оқушыларының мектепке оқытуға даярлығын анықтау  мақсатында «Йирасек-Керн тесті» әдістемесі алынды.

Мақсаты: баланың майда нәзік қимыл әрекеттерінің қалыптасқанын және      үйлесімділігін анықтау. Ерік саласының даму деңгейін анықтау. 

         Мазмұны: бұл әдәстемені әр баламен, жеке дара немесе топпен жүргізуге болады. Тест үш тапсырмадан тұрады: ойға сүйене отырып  адамның суретін салып, дене бітімін бейнелеу; сөздер көшірмелерін үлгіден көшіріп салу; нүктелер тобын көшіріп салу. Бұл тестің тиімді жағы – балалардың мектепке оқуға дайындығын анықтауға жалпы бағдар беретіндігінде. Сонымен қатар, оқуға аса қажетті саусақтардың нәзік қимылының үйлесімділігін, зейінді бағытты ұстауын және үлкендердің түсіндіргені бойынша баланың өз әрекеттерін ұйымдастыра алатындығы анықталынады. 

1«А» сыныбында барлығы 16 оқушы.  Әдістемеге 15 оқушы қатысты. Сынып жетекшісі  Есиркеева Э.О. 

1«Б» сыныбында барлығы 15 оқушы.  Әдістемеге 15 оқушы қатысты. Сынып жетекшісі  Батыкова Р.

1«В» сыныбында барлығы 12 оқушы.  Әдістемеге 11 оқушы қатысты. Сынып жетекшісі  Грушевская Л.К. 

  1 «А» сыныбы бойынша      жүргізілген жұмыстардың нәтижесі төмендегідей:

  Жоғары нәтиже -  7 оқушы     Орташа нәтиже – 8 оқушы 

 1 «Б» сыныбы бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесі төмендегідей:

  Жоғары нәтиже -  4 оқушы     Орташа нәтиже – 11 оқушы 

 1 «В» сыныбы бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесі төмендегідей:

  Жоғары нәтиже -  10 оқушы     Орташа нәтиже – 1 оқушы 

 Төмен нәтиже    көрсеткен оқушылар анықталған жоқ. Жалпы 1 сынып оқушыларының мектепке оқуға дайындығының жақсы нәтижесін  көрсетті. 

           Аутодиструктивті мінез құлықтың (өзіне – өзі қол жұмсау оқиғалары) алдын алу бойынша  сынып жетекшілер мен ата-аналармен түсіндіру    жұмыстары жүргізілді. Сұраныстар  бойынша психологиялық кеңестер берілді. Әлеуметтік жағдайы төмен, толық емес, ішімдікке салынған, қамқоршылыққа бала  алған, мүмкіндігі шектеулі баласы бар  отбасылармен қажетіне сай жұмыстар жүргізілді. Аутодиструктивті мінез құлықтың (өзіне – өзі қол жұмсау оқиғалары) алдын алу бойынша   ата-аналар жиналысы   ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

        Сонымен қатар 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылыларымен «Социометрия» әдістемесі, «Өзін-өзі бағалау» әдістемесі жүргізілді. Нәтижесі бойынша шеттелген оқушылар анықталған жоқ. «Өзін-өзі бағалау» әдістемесі бойынша төмен нәтиже көрсеткен оқушылар анықталған жоқ. «Ғаламторға және компьютерлік ойындарға тәуелділікті анықтау» мақсатында сайттар мониторингі жасалып, алдын алу жұмыстары жүргізілді. Қажетіне сай кеңестер мен ұсыныстар берілді. «Сенім жәшігіне» байланысты жұмыстар жүргізілді. Сенім жәшігіне  түскен хаттар анықталған жоқ. Сенім жәшігі үнемі  тексеріліп тұрады. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 7-11 сынып оқушылары аралығында сайт -маниторингі жасалды.   Мониторинг нәтижесі бойынша жұмыстар жүргізілді.



            Инклюзивті білім алатын оқушыларды арнайы ОПМПК тексерісінен өткізіліп, мәліметтері жинақталып, құжаттары толтырылды. Оқушылардың тұрмыс жағдайын бақылау мақсатында үйлеріне рейд жұмыстары жасалды. Ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларды бақылау мақсатында сабақтарына қатысып, зерттеу жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар оқушылардың психикалық процестерін дамытуға  арналған түзету-дамыту жаттығулар мен арнайы ойындар жүргізілді. Сынып арасындағы қарым -қатынастарын анықтау мақсатында социометрия әдістемесі жүргізілді. Жалпы сынып ішінде  шектелген   оқушылар анықталған жоқ. Оқушылармен өзін-өзі бағалау әдістемесі жүргізілді. Жалпы  оқушылар жақсы нәтиже көрсетті.






    5 сынып оқушыларының мектепке бейімделуін, ортамен қарым – қатынасын бақылау   мақсатында сабақтарына  қатысып, бақылау жұмысы жүргізілді.        Оқушылармен  танысу, мектеп ережесіне қалыптасуын,  5 сыныпқа бейімделуін бақылау мақсатында «Школа и я», «Алақай, мен 5 - сыныпта оқимын! тақырыбында  оқушылармен тренинг сабақтар жүргізілді. Сынып арасындағы қарым -қатынастарын анықтау мақсатында социометрия әдістемесі жүргізілді. Жалпы сынып ішінде   шектелген  оқушылар анықталған жоқ. Оқушылармен өзін-өзі бағалау әдістемесі жүргізілді. Жалпы  оқушылар жақсы нәтиже көрсетті. Сонымен қатар «Көңіл -күй әлемінде», «Ертегілер әлеміне саяхат», «Ассоциации», «Правила поведения на уроке», «Если бы я был ….», «Суретті аяқта», «Менің мектебім» тақырыптарында оқушылармен жаттығулар жүргізілді. «5-сынып дегеніміз не?» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 5 сыныптардың орта буынға бейімделу ерекшеліктері туралы кеңестер берілді.

        Сонымен қатар сұраныс бойынша  жеке, топтық оқушылармен жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың мектеп ережесіне қалыптасуын, ортамен қарым – қатынасын бақылау мақсатында сабақтарына қатысып, тренинг сабақтар жүргізілді. 

         ІІ тоқсан бойынша психологиялық қызметтің  жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді. 

         Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылармен төмендегідей іс-шаралар жүргізілді.

         Бопсалау мен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында   8-11 сынып оқушылары арасында жасырын сауалнама алынды. Нәтижесінде құқықбұзушылық әрекеттердің орын алғандығы анықталған жоқ. Барлық оқушылар өзерінің құқығы жайлы  маліметтерді жақсы меңгерген. Оқушылар құқықбұзушылықтың салдары туралы хабардар. Сонымен қатар оқушылар арасындағы  ғаламторға және компьютерлік ойындарға тәуелділіктің алдын алу бойынша сайт мониторингін 5-11 сыныптар аралығында жүргізілді. Нәтижесінде ғаламторға және компьютерлік ойындарға тәуелді оқушылар анықталған жоқ. Зиянды әдеттердің алдын алу бойынша оқушылармен «Денсаулық – зор байлық» сағаты, «ЖҚТБ – 21 ғасыр дерті» тақырыбында дөңгелек үстелдер, лекциялар, ақпарат тайм түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. 


         Қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу бойынша  «Мөлдір клубы» отырысында оқушылармен «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында дәрігер мамандармен кездесу 7-11 сынып аралығында жүргізілді.   8-11 сынып оқушылары аралығында «Өзіңді қылмыскерлерден қалай қорғауыңа болады?» тақырыбында видеоролик, «Жас өспірім шақтағы келеңсіз іс-әрекеттерді болдырмау жолдары»  тақырыбында ақпараттар мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді,  кеңестер берілді. 

         МАД тобы оқушылары мен бірінші сынып оқушыларының психологиялық процестерді жақсартуға  бағытталған «Қоян», «Есіңде сақта»   жаттығулары жүргізілді.

         Инклюзивті оқушылармен түзету-дамыту жұмыстары жасалды. Оқушыларды бақылау мақсатында сабақтарына қатысу жүргізілді. Оқушылардың сынып арасындағы қарым-қатынастарын жақсарту мақсатында  «Менің сыныбым», «Менің мықты және әлсіз жақтарым» жаттығулары жүргізілді. Оқушылардың тұрмыс-жағдайын бақылау мақсатында үйлеріне актілер жасалды.

         Мектеп бойынша дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Қажетіне қарай  пән мұғалімдеріне кеңестер берілді. 

         Мамандық таңдауға кәсіби бағдар беру бойынша жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың кәсіби бағытын анықтау мақсатында «Менің қызығушылығым» тақырыбында тренинг сабақтар ұйымдастырылып, сауалнамалар, зерттеу жұмыстары жұргізілді. Нәтижесінде сынып жетекшілер мен оқушыларға кеңестер берілді. 








 
 



         1-5 сынып оқушыларының мектепке бейімделуін анықтау мақсатында сабақтарға қатысып, оқушылармен әңгімелесу, тренинг жаттығулары

жүргізілді. 1-4 сынып оқушыларымен  «Рөлдік гимнастика жаттығуы» жүргізілді. 



         Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында қатер тобындағы оқушыларға үнемі бақылау жұмысы жүргізіледі. Мектеп бойынша қатер тобындағы оқушылардың сынып жетекшілеріне қажетіне қарай кеңестер берілді. Сәтсіз отбасында тәрбиеленетін оқушылардың отбасы жағдайын анықтау мақсатында актілер жасалды. Ата-аналарымен «Бала өмірінің қауіпсіздігі», «Бала дамуының түп-тамыры» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді. Сонымен қатар  оқушылардың эмоциялық жай- күйін анықтау мақсатында «Ағаштағы орныңыз қайсы?» әдістемесі жүргізілді. Жұмыстың нәтижесі бойынша сынып жетекшілерге кеңестер берілді. «Сенім жәшігіне» байланысты жұмыстар жүргізілді. Сенім жәшігіне  түскен хаттар анықталған жоқ. Сенім жәшігі үнемі   тексеріліп тұрады.

         Сонымен қатар сұраныс бойынша  жеке, топтық оқушылармен жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың мектеп ережесіне қалыптасуын, ортамен қарым – қатынасын бақылау мақсатында сабақтарына қатысып, тренинг сабақтар жүргізілді. 




                                    Педагог-психолог             Д.Ибраева 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив