Оқушыларға мамандық таңдауға арналған пайдалы кеңестер » Жетісу облысы Сарқан ауданы М.Жұмабаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"М.Жұмабаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
февраль
2023

Оқушыларға мамандық таңдауға арналған пайдалы кеңестер

«Сарқан ауданының білім бөлімінің Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі педагог-психологтың профориентациялық көмек бойынша жүргізілген 

  жұмысы


Оқушыларға мамандық таңдауға арналған пайдалы кеңестер


«Ең қиын мамандық - адам боп қалу» 

Хосе Хулиан Марти


         Оқушылардың мамандық таңдауына әсер ететін үш негізгі себеп бар. Біріншісі – қоршаған ортаның ықпалы, екінші – оқушының қалауы, үшінші 

– қабілеті. 

         Біріншісі – қоғамдық орта. Оған ата-ананың қалауы, әлеуметтік желінің әсері, блогердің насихаты, еңбекақы мен еңбек ету жағдайы, т.б. жатады.

         Екінші себеп – оқушының қалауы. Яғни, оқушының өзі қалап түскен мамандығы. Oсы тұста ескерер бір жайт бар, oқушының қалауы қоғамдық ортаның ықпалынан пайда болған қалау болуы да  мүмкін.

         Үшінші себеп – оқушының қабілеті. Яғни, ата-ана баласын жастайынан қабілетін ұштап, кейін сол қабілетіне қарай мамандық таңдауы.

         Ең қызығы сол – біздің оқушылар үшін қoғамның ықпалы мен оқушының қалауы мамандық таңдауға басты орынға шығып кеткен. Қызық дейтін себебіміз – oзық елдердің оқушылары көбінесе қабілетіне қарай мамандық таңдайды. Ал біздің оқушылардың 50 пайызы – қоғам ықпалымен, 50 пайызы – өз қалауымен мамандық таңдайды екен. Менің ойымша, біздің oқушылардың мамандық таңдауы үш себепке (33% – 34% – 33%) теңдей бөлінгенде ғана, елімізде мықты, білікті мамандық өсіп шықпақ.

         Оқушылардың мамандыққа қабілеттілігін анықтау жолдары өте көп. Сoлардың бірі – ақпараттық технологияларды пайдалану мен профориентациялық тестілеуден өткізу.  

         «Мәселен Facebook, Instagram» т.б. сынды сервистер қорға жиналған ауқымды ақпараттар негізінде қолданушының тілек-қалауы мен қабілетін оңай тауып отыр. 

         Сұранысы мол мамандықтар:

         Қазақстанда қазір 400 мыңға жуық адам жұмыссыз. Бірақ тағы 400 мыңдай жұмыс орны бос тұр. Бұл параллельді біріктірудің бір жолы – жұмыссыз мамандарды емес, сұранысы жоғары мамандарды дайындау.

         Қазіргі таңда елімізде бухгалтер, маркетолог, сату мамандары, пиар және IT-мамандары жетпейді. Индустрия саласына келсек, робот пен автоматизияларды басқару, басқару менеджері сынды мамандықтарға аса зәру. Атам заманнан келе жатқан екі қасиетті мамандық бар: ол – мұғалім мен дәрігер. Бұл қос мамандық қажеттілігінен ешқашан жойылмайды. Өйткені адамзатқа білім мен медицина қашанда қажет

         Мамандық әлемі туралы ақпарат

         Мамандықты 5 топқа бөледі. Олардың белгілері еңбекпен негізделеді.

Мемлекеттің басты қуаты – адам. Олар: адам – адам, адам – белгілік жүйесі, адам – табиғат, адам – техника, адам – шығармашылық бейне.

Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.

Адам – белгілік жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой – өрісі өте кең болуы керек. Бұл бухгалтер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары, аудармашы.

Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс жасайды. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесар жатады.

Адам – шығармашылық бейне: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер, әдеби қызметкерлер.


Мамандық таңдауға пайдалы кеңестер


         Мамандық таңдау адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі болып табылады. Бұл белгілі бір тұлғаның мінез-құлқының, ұмтылысының, тілегінің және өмір салтының айнасы. Әдетте, бұл маңызды шешім жас кезде, мектепте оқып жүрген шақта қабылданады.
          
Осындай маңызды шешім қабылдау оңай емес. Кейбір жағдайларда жасөспірімдерге ата-ананың жағынан қысым көрсетілуі де мүмкін. Кейде шын мәнінде не қалайтыныңды түсіну өте қиын. Сонымен мамандықты қалай таңдау керек?

         1.Бейімділігіңізді ескеріңіз.
 
Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқыңыз келеді? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көптеген нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.

         2. Дұрыс шешім қабылдауға тырысыңыз.
 
Бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – тек сіздің тағдырыңыз.

         3. Мамандық таңдауда өзіңіздің физикалық ерекшеліктеріңізді, кемшіліктеріңізді ескеріңіз. 

Денсаулық жағдайларына байланысты тыйым салынған мамандықтар болуы мүмкін. Мұндай мамандықтар көп емес, оларға негізінде қандай да бір физиологиялық жүйеге ұзақ ауыртпалықты талап ететін мамандықтар жатады. Компьютер мамандары көздеріне, ал ұшқыштар – жүректеріне ауыртпалық түсіреді.
          4.  Мамандық таңдағанда оның болашағын да ескергеніңіз жөн. Себебі, технология тез дамып келе жатыр, соның салдарынан бүгін керек мамандық ертең қажетсіз болып та қалуы мүмкін. Сол себепті болашағы бар саланы таңдауға кеңес беремін.
          5.  Мамандардың көмегіне жүгініңіз
.

Егер сізде күмән туындаса, мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Бұл ретте не мектеп психологымен, психологиялық кеңсе маманымен ақылдасуға болады.
 Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспін.



Педагог-психолог            Д.Ибраева

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив