Әдістемелік жұмыстың 2021-2022 оқу жылына талдауы » Жетісу облысы Сарқан ауданы М.Жұмабаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"М.Жұмабаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
апрель
2022

Әдістемелік жұмыстың 2021-2022 оқу жылына талдауы

            М.Жұмабаев атындағы орта мектебі 2021-2022 оқу жылында «Оқыту технологияларын оқу үрдісінде қолдана отырып, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаға сапалы білім беру» тақырыбы бойынша  төмендегі мақсат-міндеттерді басшылыққа алып жұмыс атқарды.

Мақсаты:

  • Білім сапасын арттырудың қазіргі оқыту технологияларын білім тәрбие беру үрдісіне енгізіп, жетілдіру;
  • Шығармашылық топтардың   жаңа жүйені енгізу және жетілдірудегі жұмыс бағыттарын бекіту, мұғалімдердің  ғылыми-    әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін, шеберлігін дамыту;

- Жеке тұлғаны зертханалық, ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу;

- Мұғалімдердің оқытудың цифрлық түрін қолдану  үлесін арттыру;

       -Мектептің инновациялық жоба жұмысын қолға алу;

Міндеттері:

  • пәндік олимпиадаға, ғылыми жобаға дайындықтың тиімді тәсілдерін қарастыру; 
  • мұғалімдердің шығармашылық кезеңдер жоспары бойынша жұмыстарының жүйелі жүргізілуін, өз іс-тәжірибесін өзіндік  жұмыстары(авторлық бағдарлама, жинақтар, әдістемелер) арқылы жинақтап, қорытындылауын қолға алу;
  • мұғалімдердің шығармашылық тақырыбы бойынша жұмыстарын  жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу бағытында жүргізіп, жаңа форматтағы тапсырмалар жинағын дайындауға көңіл қою;
  • күнделікті білім беру үрдісінде әлеуметтік желілерді қолдану;
  • әр бірлестікте инновациялық жобалармен жұмысты енгізуді қолға алу;
  • жаңа технологияларды  тиімді қолдана отырып, білім сапасын арттыру;

       Аталған мақсат міндеттерді  жүзеге асыру бойынша 59 мұғалім жұмыс атқарды.

59 мұғалімнің педагог -зерттеушісі –12

педагог-сарапшы-11

педагог -модератор- 14

І санат – 2

ІІ санат  -1

мұғалім -18 санын құрайды.

Аталған мұғалімдер 

  1. қазақ тілі мен әдебиеті 
  2. орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі
  3. бастауыш сынып
  4. математика, физика, информатика
  5. тарих
  6. химия, биология, география
  7. логопед, дефектолог, психолог 
  8. өзін-өзі тану
  9. дене шынықтыру, музыка, технология пәндерінің мұғалімдері тоғыз әдістемелік бірлестіктерінде жұмыс атқарды. 

       Міндеттерді жүзеге асыруға байланысты мектепте барынша жүйелі жұмыс ұйымдастырылып, әр мұғалімнің өзекті тақырыбы бойынша оқу-тәрбиелік жұмыстың мақсат-міндетін анықтап, өзекті тақырыпты жүзеге асырудың жоспарлары жасалынып, оны іске асырудағы әдістер мен формалар және мазмұнын нақтылап, қорытындылауды анықтады.

Пән аплалықтары барысында мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатсып, талдау жасалды, қорытындысы шығарылды.

      «Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі» пән апталығында мұғалімдер өз сабақтарын беріп, әріптестерімен іс-тәжірибе алмасты. Осы орайда ағылшын тілі пән мұғалімі –М.Ракишев сабағын өз дәрежесінде көрсете алмады. Мұғалімге бірлестік жетекшісі тарапынан ескертулер айтылды. «Дене шынықтыру және музыка, технология» пән апталығында мұғалімдер ашық сабақтарына жақсы дайындалып, апталықтағы өткен тәжірибе алмасу сабақтары жақсы деңгейде өткізілді. Дегенменде, Жолдыбай Алмасқа сабақ барысында оқушыларға тапсырма беру үстінде дөрекі сөйлемеу, Е.Еренбаевқа сабаққа жүйелі дайындалу керектігі баса айтылды.  



Жас мамандармен жұмыс бойынша 

Жас мұғалімдерге кәсіби мамандық бойынша  жан-жақты дамуына  көмек көрсету үшін оқытудың әдістемелік әдіс-тәсілдердін үйретуде жас мұғалімдер  мектебі құрылып,  тәлімгерлер   бекітілді.

 Мектепте 9 жас маман жұмыс жасады.  Жас мамандармен жүргізілетін жоспар құрылып, әдістемелік көмек  көрсету барысында «Бүгінгі жас маман – болашақтың  жаңа  формациядағы педагогы»  тақырыбында  семинар өткізілді. Осы тұста мұғалімдерге нормативтік құжаттармен  жұмыс істеуді меңгертуге көмек берілді.  Күнтізбелік жоспар құру, сабақ жоспарларын құрастыру бойынша  түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жас мамандардың сабақтарына қатысып әдістемелік көмек те көрсетілді.   Өз білімін көтеріп,  толықтырып отыруға кеңестер айтылып, бағыт –бағдар берілсе де, жас мамандардың өз ісіне жауапкершіліксіз қарайтындары  қатты қынжылтады.  40 жыл мұғалімдік қызмет етсең де 45 минуттық сабаққа дайындылып келу парымыз. 

 Тәлімгерлер тарапынан жоспар құрылып, жұмыс жүргізілді. Жас мамандардың сабақтарына   қатысып, сабақты талдап, ұсыныстар беріліп,  кемшіліктерді түзетуге нұсқаулар беріліп отырды.  Жас мамандар өз тәлімгерлерінің сабақтарына   қатысып    әдіс- тәсілдерді сабақта пайдалануды,  дидактикалық материалды тиімді қолдануды, сабақ жоспарын құрудағы нақты бағыт-бағдарларды үйренуде, өз пәндері бойынша әдістеме бірлестік жұмыстарына қатысып, апталықтарда шебер  ұстаздардың   іс-тәжірибелерімен танысты.  Желтоқсан айында  «Жас келсе іске» тақырыбында  жас мамандардың апталығы жүргізілді.  Оқу жылының басында  бекітілген   жас мамандар ашық сабақтар   өткізді.  Апталықтың мақсаты: Мұғалімнің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруға үйрету. Жас мамандарға сабақ құрылымының тиімділігі мен мақсатын анықтай білуге әдістемелік көмек беру.  Жас мамандардың көрсеткен ашық сабақтары белгіленген сабақ талдау  жүйесі бойынша талданды.

Жалпы апталық бойынша  жас мамандарға төмендегідей  ұсыныс айтылды:

1.Тәжірибелі пән  мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақ өтудің методикасын үйренуді жалғастыру.

2. Сабаққа  берілген уақытты тиімді  пайдалана   білуді  үйрену.

3. Сабақ талдау әдістемесін үйрену.

    Сонымен қатар  «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» тақырыбында педагогикалық шеберлікті арттыру және теориялық білімдерін жетілдіру бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек беру мақсатында жас мамандар: Н.Анварбекова «Домашние любимцы», А.Сарбопаева «Фантазеры», М.Ракишев «Learners read nonfiction books in kazakh» , Н.Кадырбаеа «Ұлы Жібек жолының қалыптасуы», М.Уанбай «Презентациядағы анимация», Г.Сарсекова «Көпбұрыштардың аудандарын қайталау. Есептер шығару», С.Абдурасул «Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті», Е.Нурмухамбет «Home cooking»  тақырыптарында  ашық сабақ өткізді. Сабақ өткізу барысында мұғалімдердің сабақ беруде қолданатын әдіс-тәсілдерді меңгеруі, сабақ жоспарлаудағы сабақ құрылымы бақыланды, әдістемелік көмек көрсетілді.  Әдіс-тәсілдерді ұтымды қолданып тиімді сабақ өткізген жас мамандардың сабақ жоспарлары республикалық ғылыми – әдістемелік «Мектептегі оқу- тәрбие жұмысы» журналында (№ 2/2022 ж.) жарық көрді.

       «Озық тәжірибе – ортақ қазына» тақырыбында мектеп мұғалімдерімен семинар – практикум ұйымдастырылды. 


Семинардың мақсаты: «Кәсіби білім, білік, дағдыны дамыту, педагогтің жалпы мәдени дамуын, оның тұлғалық көзқарыс және кәсіби маңызды сапаларын жетілдіру» 

Міндеті: 1. Пән бойынша мұғалімдерге оқушылармен жұмыс барысында білім, білік дағдыларын қалыптастыруға бағыт беру.

                2. Тапсырманы орындауда қорытынды жасай білуге және орындалған жұмысты бағалауға үйрету.

                3. Мұғалімдерге оқушының қызығушылығын арттыру бойынша шығармашылық ізденістеріне көмектесу.

        Н.Мулькибаев «Робототехника бөлімін қорытындылау», БТ.Буркитбаева «Дара және күрделі зат есімдер», Ю.Шакунова «Урок повторение», А.Даирбекова «Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы», А.Ербосынова «Натурал сандар», Е.Абдраманхан «Адам денесінің рецепторлары. Терінің сезімталдығын зерттеу», Д.Серебрякова «Помоги природе», Р.Касымбаева «Күнді іздеген достар» тақырыбында сабақ өткізді. Мектеп  мұғалімдері осы аталған педагогтердің  ашық сабақтарына қатысты.


 Сабақты талқылап, талдады. Талқылау кезеңінде мектеп психологтері Н.Орыспай мен Н.Кадырбаева   мектеп ұжымымен «Адам өз өмірінің суретшісі, «Сплоченные команды» тақырыбында ұжым арасындағы психологиялық ахуалды реттеу, бірлікке шақыру мақсатында тренинг өткізіп, ұжымды ауызбірлікке бағыттады.




Мұғалімнің біліктілік деңгейі


Мектепте 2021-2022 оқу жылында барлығы  56 мұғалім   және 2 мектеп алды тәрбиешісі  қызмет атқарды. Барлық мұғалімдер өздерінің мамандықтары бойынша сабақ береді. Оқушының сапалы білім алуы – мұғалімнің кәсіптік шеберлігіне байланысты.

Пән мұғалімдері жыл сайын жоспар бойынша кезекті және мерзімінен бұрын аттестациядан өз өтініштері бойынша біліктілік санатын  растауға, бекітуге, көтеруге ұсынылды. Мұғалімнің кәсіби  біліктілігін көтеру мақсатында  ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


жылдар

Педагог саны

Білімі 

Біліктілігі 

жоғары

арнаулы

Педагог-зерттеуші

Педагог-сарапшы

Педагог-модератор

жоғарғы

І

ІІ

мұғалім

2021-2022

59

53

3

12

12

14

0

2

1

18


биылғы оқу жылында 5   мұғалім аттестаттаудан өтуге сұраныс беріп,  оның   4 мұғалімі өтті.

Атап айтсақ:  М.Назаров, Р.Касымбаева, М.Кунуспекова - модератор, Г.Есимжанва,  –  сарапшы.

Сарапшыға өтініш берген   - А.Толеубаева квалификациялық тестен өтпеді.


Білім жетілдіру жағдайы

  Қазіргі   оқытудың жаңаша технологиясын меңгерудің өзі ұстаздан шығармашылықты талап етеді. Ал шығармашылықпен жұмыс жасау үшін мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыруы қажет. Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің  білімін, жалпы дүниетанымын кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарлатады, психологиялық-педагогикалық сонымен қатар, әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді. Ең   бастысы бұл білім мен білік дағдыларды   құзырлылық ұстанымдарының талаптарына сәйкес  өздерінің меңгеруі және сол жолдар арқылы  өздерінің  ойлау жүйесін, шығармашылығын, өнертапқыштығын, рефлексиялық машығының дамуына жол ашады.

Мектептің  басты   жұмысы  педагогтардың  шеберлігін   жетілдіру болып табылады. Осы мақсатта   мұғалімдер  кәсіби білімін көтеру курсынан  өтіп  тұрады.

Деңгейлік курстан өткендер: 


І деңгей

ІІ деңгей

ІІІ деңгей

Баймухашева Ү.Н

Жумагулова Р.Е

Қорлыбаева К.И

Мулькибаев Н.Б

Абдраманхан Е

Есимжанова Г.С

Қалабаева Р.Т

Сагындыкова Ж.Ч

Ахтанова А.Ш

Мулькибаева Д.Ж.


Білім жетілдіру курсынан өту бойынша:

Педагог есімі

Тақырыбы 

жылы

1

Калабаева Райгуль Тоқтаровна

Кәсіпкерлік және бизнес негіздері тақырыбында технология пәні бойынша.80 сағат

2021

2

Қажымұрат Балғынгүл

Өрлеу”. БАҰО АК химия пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту.80 сағат

2022

3

Абраманхан Ербол

ҚР педагогтерінің біліктілігін артырудың мектептегі биология сабағы: басымдылықтар және стратегиялары.160 сағат

2022

4

Малаева Жания 

НИШ.Орта білім мазмұнн жаңарту шеңберінде “Қазақстан тарихы” мен “Дүниежүзі тарихы” пәндері бойынша “Бағалауға арналған тапсырмаларды және сараптау” 80 сағат

2022

Методические     особенности преподавания     дисциплини”Основы предпринемательства и бизнеса.80 час

2022

5

Сейсембекова Асель 

НИШ. ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы өткізген оқушылардың функцияналдық сауаттылығын дамыту. 16 сағат

2022

6

Шакунова Юлия

НИШ.Орта білім мазмұнн жаңарту шеңберінде “Қазақстан тарихы” мен “Дүниежүзі тарихы” пәндері бойынша “Бағалауға арналған тапсырмаларды және сараптау” 80 сағат

2022

7

Мадиярова Мирамгуль

НЦПК “Өрлеу” Развитие профиссиональных компитенций учителя русского языка и литературы.80 час

2022

8

Серебрякова Динара

НЦПК “Өрлеу” Развитие профиссиональных компитенций учителя русского языка и литературы.80 час

2021

9

Нұрмұхамбет Ердос

Кунделік КЗ платформасының қолдану сауаттылығы. “БЖБ және ТЖБ” құру және дұрыс өткізу тәртібі

2021

10

Кушербаева Райса

НЦПК “Өрлеу” Жаңартылған білім беру жағдайындағы ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің тілдік құзыреттілігін дамыту жолдары.80 сағат

2021

ЦПМ. Орта білім мазмұнын шеңберінде ағылшын тілі пәні бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау.80 сағат

2021

11

Ербосынова Айгерім

НЦПК “Өрлеу” 5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы шеңберінде күрделі тақырыптар бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімнің пәндік құзыреттерін жетілдіру.80 сағат

2022


Дарынды оқушылармен жұмыс


         Оқу жылы басында  дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Жыл көлемінде   оқушылар  түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленді. Атап айтқанда: 

  Республикалық

Облыстық

Аудандық

1. «Мұқағали оқулары» атты Республикалық ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу                           1 дәрежелі диплом  Елемесов Ералы.

  1. «Мұқағали оқулары» атты Республикалық ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу                             1 дәрежелі диплом  Бауыржан Ерасыл

«Мұқағали оқулары» атты Республикалық ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу            1 дәрежелі диплом  Сейдахметова Айсу

«Мұқағали оқулары» атты Республикалық ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу            1 дәрежелі диплом  Дәуірбекқызы Арайлым  2022ж

Республикалық М.Мақатаевның 91 жылдығына арналған «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» байқауына қатысып, үздік өнер көрсеткені үшін                        1 дәрежелі диплом 

2022ж.  Сейдахметова Айсу

Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы, «Жас ғалым - 2022»  атты Республикалық кезеңінде Оразгалиева Гауһар, Айтжан Гүлнұр, Мұратхан Раушан, Қахарман Алихан, Шакер Арслан жүлделі 1-орын


Облыстық пән олимпиадасында орыс тілі пәнінен Мерчанская Екатерина жүлделі ІІІ орын иеленді.

2-7 сынып оқушылары арасында XVII республикалық  «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конурсының облыстық кезеңінің  3 – дәрежелі жүлдегері 4-сынып оқушысы Екатерина Белецкая, 

Облыстық «Зерде» 

3-орын Рахмедулда Аяулым, Оразгалиева Гаухар

Облыстық Бейсен Құранбек атындағы олимпиада аясында өткен  «Mi Battle» интеллектуалды ойынының  Алғыс хатымен  Ашкенов Ернар,  Оралхан Айдана,  

Мейран Сабина, Заңгір Зайнаб,  Туралыкова Зере,  

Д.Байжуман марапатталды.


Диплом зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының аудандық кезеңінде 1 орын алғаны үшін Белецкая Екатерина 4- сынып.


Жаратылыстану-математикалық  бағыттағы пәндер бойынша жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңінде  

математика пәнінен 8-сынып оқушысы Төрехан Аружан І орынмен,  химия пәнінен 8-сынып оқушысы Оралхан Толғанай ІІІ орынмен марапатталды.

Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде ІІ орынмен өзін-өзі тану пәнінен Ыдырыс Аружан, информатика пәнінен Берікхан Ықылас,  тарих пәнінен  Чуимбаева Сабина, ІІІ орынмен  математика пәнінен Жеңіс Асанали,химия пәнінен Жандайбек Шұғыла, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Дуйсембек Аида марапатталды.

Аудандық Абай оқулары «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» конкурсында 6-сынып оқушысы  Шынар Абылайхан ІІІ орынмен марапатталды 

Мектеп     оқушылары арасында өткен аудандық     Қадыр оқуларының ІІІ орын жүлдегері Жарылқасын Жанерке







SWOT талдау

"S" (Strengths) күшті жақтары


"W" (Weaknesses) әлсіз жақтары


ЖББ мазмұны бойынша курстан өткен ұстаздардың санының артуы 

Ұстаздардың аймақтық, облыстық, аудандық семинарларға көптеп қатысуы, өз іс-тәжірбиелерімен бөлісуі;

Мұғалімдердің конкурстарға қатысып, жүлделі оралуы;

Оқушылардың «Зерде», пән олимпиадалары байқауына қатысуы, орындарға ие болуы



Мамандардың жетіспеуі;

Қысқа мерзімді жоспарды құрудағы кемшіліктердің көптігі;

Жас мамандардың кәсіби білімдерінің төмен болуы;

Авторлық бағдарлама талаптарын толық орындамауы;

БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын сапалы құрай алмауы;

Ұжымда психологиялық ахуалдың төмендігі, ынтымақтастықтың берік болмауы.



"O" (Opportunities)мүмкіндіктері


"T" (Threats) қауіптері


Қысқа мерзімді жоспарды ЖББ мазмұны сай жүргізсе, жоспарды өзі жасаса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артар еді...

Авторлық бағдарлама мұғалімнің кәсіби өсуінің кепілі десек, оның талаптарын оқу ешбір мұғалімге қиындық тударатын іс емес.


Мұғалімнің ізденісте болмауы – сапалы білімнің негізін қаламайды. Оқыту семинарына қатыспау, іс-тәжірбие алмаспау білім саласындағы реформалардан хабарсыз болу кәсіби біліктілікті төмендетеді.

Қысқа мерзімді жоспардың дұрыс жоспарланбауы – сабақтың қызықты өтуі мен сапалы болуына кесірін тигізеді, оқушының пәнге деген қызығушылығын төмендетеді. 





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив